Египеттегі турнирде қазақстандық парадзюдошылар екі алтын, екі күміс жеңіп алды

0
106

Бұл жарысқа әлемнің 27 елінен мықты спортшылар қатысып жатыр.


Египеттегі турнирде қазақстандық парадзюдошылар екі алтын, екі күміс жеңіп алды

ERNUR.KZ. Египеттің Гиза қаласында өтіп жатқан халықаралық IBSA Judo Grand Prix – 2025 турниріне Қазақстаннан 11 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық парадзюдошылар екі алтын және екі күміс медаль иеленді, деп жазады baq.kz.

J1-52 келі салмақ дәрежесінде күрескен Әлфия Тлекқабыл үш кездесу өткізіп, барлығында таза жеңіске жетіп, «алтыннан» алқа тақты.

J2-81 келіде финалда бірден екі қазақстандық спортшы жолықты. Шешуші белдесуде Бексұлтан Құлмырза жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иегері атанса, Ғалымжан Смағұлұлы күміс жүлдегер болды.

J1-81 келіде ел намысын қорғаған Ерғали Шамей финалға дейін жетті. Алайда шешуші сәтте Германия спортшысына жол беріп, күміс медальға ие болды.

J1-70 келі салмақ дәрежесінде Аслан Нұрдәулетов пен Темір Ташкенов татамиге шыққанымен, табанды күреске қарамастан жүлделі орыннан тыс қалды.

Жарыстың екінші күнінде тағы бес қазақстандық парадзюдошы татамиге шығады. Гизадағы Гран-при – 2028 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысуға қажетті рейтингтік ұпайлар беретін басты турнирлердің бірі, - деді парадзюдо құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 27 елінен мықты спортшылар қатысып жатыр.