Виктория Графеева мен Елдана Талипова 50 мың доллардан алса, Наталья Богданова 25 мың доллар сыйақыға ие болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатындағы табысты өнер көрсеткені үшін қомақты ақшалай сыйақы алды. Алматыда өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмурат Муталипов чемпиондар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттарды табыстады, деп жазады baq.kz.
Федерация тарапынан спортшылардың еңбегі жоғары бағаланып, оларға 25 мыңнан 100 мың АҚШ долларына дейін сыйақы берілді. Атап айтқанда, 100 мың доллар көлеміндегі жүлде төмендегі үш боксшыға табысталды:
- Назым Қызайбай;
- Алуа Балқыбекова;
- Аида Әбікеева.
Сондай-ақ, Виктория Графеева мен Елдана Талипова 50 мың доллардан алса, Наталья Богданова 25 мың доллар сыйақыға ие болды.
Назым Қызайбай Instagram парақшасында марапатқа байланысты пікір білдіріп, бұл сыйақының жас спортшылар үшін үлкен мотивация екенін атап өтті. Ол елдің намысын қорғау – басты міндет екенін айта келе, жасалған еңбектің бағалануы спортшыларды жаңа жетістіктерге жетелейтінін жеткізді.