Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

0
133

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады.


Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады zakon.kz.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты - 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді - 338 (152+186) келі.

Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.