ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының ауыр атлеті Артём Антропов Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп жазады BAQ.KZ.
Ол 110 кг дейінгі салмақ дәрежесінде “жұлқа көтеру” және “серпе көтеру” жаттығулары бойынша сынға түсті. Спортшы серпе көтеру жаттығуында 223 кг көтеріп, үшінші орынға ие болды.
Бұл жаттығуда өзбек спортшысы Акбар Джураев 227 кг нәтижемен бірінші орын, ал ирандық Алиреза Насири 224 кг көрсеткішпен екінші орын иеленді.
Айта кетейік, Артём Антропов жұлқа көтеруде 161 кг көтеріп, жетінші орын алған. Екі сайыстың қорытындысы бойынша оның нәтижесі – 384 кг (161+223), бұл жалпы есепте бесінші орынға жеткізді.


