Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты

0
200

27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты.


Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды, деп жазады zakon.kz.

27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті.

Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.