​ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ПЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР: ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

0
84


​ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ПЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР: ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында 2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді және мазмұнды өткізуге бағытталған кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.

Биылғы жылы 240 516 оқушыны жазғы сауықтырумен қамту жоспарланған. Бұл – жалпы оқушылардың 94,8% қамтылатынын көрсетеді.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 759,4 млн теңге қаражат есебінен 9 693 бала қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде демалады. Оның ішінде:
– әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан – 9 398 бала;
– балалар үйінен – 135 бала;
– дарынды балалар – 160 бала.
Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
1. «EduCampShym» – жоғары оқу орындары базасында кәсіби бағдарға бағытталған оқу лагері;
2. «Prof Start» – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базасындағы мамандыққа бейімдеу лагері;
3. «ArtEdu» – қосымша білім беру ұйымдарының базасында шығармашылық, өнер және спорт бағытындағы лагерьлер.
Сонымен қатар, 2024–2025 оқу жылында өткен республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары бойынша оқушылар айтарлықтай жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Республикалық пәндік олимпиада нәтижелері:
– 5–6 сыныптар: 17 оқушы қатысып, 6 – II орын, 3 – III орын, 4 – грамота иеленді;
– 7–8 сыныптар: 24 оқушы республикалық кезеңге өтті, нәтижелері күтілуде;
– 9–11 сыныптар: 72 оқушы қатысты, олардың ішінде 1 – I орын, 6 – II орын, 20 – III орын, 8 – грамота иеленді.
Ғылыми жобалар байқауы:
– Мектепішілік кезеңде – 2343 оқушы, қалалық кезеңде – 863 оқушы (813 жоба) қатысты.
– Республикалық кезеңге 40 оқушы (37 жоба) өтті.
– Нәтижесінде: 4 – I орын, 2 – II орын, 9 – III орын, 6 – грамота, 1 оқушы грант жеңіп алды.
– Жобалардың 85%-дан астамы антиплагиат жүйесінен сәтті өтті.
Бұл жетістіктер – оқушылардың білімге деген ынтасының, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының жемісі. Сонымен қатар, бұл білім беру ұйымдарының жүйелі жұмысының нәтижесі.
Оқу жылының сапалы аяқталуын қамтамасыз ету, бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттаудан өткізу және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру – Шымкент қаласы Білім басқармасының басым бағыттарының бірі.
Барлық іс-шаралар балалардың қауіпсіздігін, зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жауапты мамандар мен ұйым басшыларына жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды.
Білім сапасын арттыру мен оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бөлісу