Қазақстан мектептерінде оқушылар екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма жазады

0
59

Оқушыларға өз ойын жазбаша жеткізу қиынға соғып жатады.


Қазақстан мектептерінде оқушылар екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма жазады

Фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма енгізілмек. Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, оқушыларға өз ойын жазбаша жеткізу қиынға соғып жатады. Жағдайды түзету үшін екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма енгізу көзделген.

"Біз қазіргі мәселе неде екенін түсінеміз. Әр сынып оқушысы белгілі бір мөлшерде кітап оқуы керек. Кейде балалар өз ойын білдіруде қиналады, сондықтан оларға шығарманы жақсы жазуды да үйрету керек", – деді министр.

Бұған дейін бастауыш сыныптардан кейін БЖБ мен ТЖБ-ны 5–9-сынып оқушылары үшін, кейін 10–11-сыныптар үшін кезең-кезеңімен жою жоспарланғаны хабарланған болатын. Оқу-ағарту министрлігі бұл өзгерісті келесі оқу жылынан бастамақ.

Сондай-ақ Қазақстанда мемлекеттік органдар онлайн ойындарды, қосымшалар мен маркетплейстерді тексеретіні туралы жазған едік. Олар жұмыс істеу үшін міндетті верификациядан өтіп, шартты "рұқсат" алуы тиіс. Мұндай ереже "Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы" заң жобасында қарастырылған.

Платформалар цифрлық өнімдерді таңбалауға және пайдаланушыларға не қолжетімді екенін көрсетуге міндеттеледі: мысалы, ойын ішінде хат алмасуға немесе сатып алулар жасауға бола ма? Жаңа ереже балалар белсенді қолданатын маркетплейстерге де қатысты болады.