Грант жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.
2025 жылғы 16 маусым мен 18 тамыз аралығында Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдерді қабылдау жүргізілуде.
Аталған грант жастардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған, жалпы алты негізгі бағыт бойынша ұсынылады. Соның бірі – «Ақпараттық технологиялар» бағыты.
Жастарға арналған үлкен мүмкіндік – өз инновациялық идеяларын жүзеге асыруға жол ашылады.
Өтінім қабылдау мерзімі: 16 маусым – 18 тамыз 2025 жыл
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Ақпарат үшін:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.
Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.
Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.