ауіпсіздік шараларының аясында 195 рет рейд ұйымдастырылып, 38 мыңнан астам үгіт-насихат парақшалары таратылған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы бойынша судағы қауіпсіздік ережесін бұзған 6 жеке тұлғаға жалпы сомасы 165 мың теңгеден астам айыппұл салынған.
Шомылу маусымында Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарымен және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізген.
Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайдарды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Шәріп Асқар Рысбекұлы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында хабарлады.
Қала тұрғындарына арнап телеарналардан 54 сөз сөйлеу, баспасөз беттерінде 37 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде 229 ақпараттық материал орналастырылды. Бұдан бөлек, қаланың ірі сауда орталықтары мен қоғамдық орындарындағы LED-экрандарда «Судағы қауіпсіздік» және «Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.
Қауіпсіздік шараларының аясында 195 рет рейд ұйымдастырылып, 38 мыңнан астам үгіт-насихат парақшалары таратылды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы бойынша судағы қауіпсіздік ережесін бұзған 6 жеке тұлғаға жалпы сомасы 165 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының мобильді телефондарына «112» қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жіберіліп отырды. Бұл шаралар азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға назарын арттыруға бағытталды.
Дегенмен, кейбір мәселелер әлі де өзекті. ТЖД мәліметінше, тұрғындардың ережелерге немқұрайлы қарауы, балаларды қараусыз қалдыру фактілері жиі кездеседі. Сондай-ақ, «Рахат-Бадам» демалыс орнында су аттракциондарының жағажайға тым жақын орналасуы қосымша қауіп тудыратыны айтылды.
Осыған байланысты Департамент тарапынан аудандық әкімдіктерге Бадам өзеніндегі шлюздерге бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндігін қарастыруды және су аттракциондарын демалушылар аймағынан алшақ орналастыруды ұсынды.


