​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 90 ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

0
95

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Набира осы таңдаудың ішінен болашағын жаһандық технология мен бизнестің орталығы – Оңтүстік Корея елімен байланыстыруды жөн көрді.


​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 90 ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11 «З» сынып оқушысы Набира Перналы шетелдік 90 жоғары оқу орнынан шақырту алды.

Бітіруші түлек терең білімі және қажырлы еңбегімен әлемнің беделді университеттерінің стипендиянты атануға мүмкіндік алып отыр.

Олардың ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуропа елдері мен Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші оқу орындары бар.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Набира осы таңдаудың ішінен болашағын жаһандық технология мен бизнестің орталығы – Оңтүстік Корея елімен байланыстыруды жөн көрді.
Ол халықаралық деңгейдегі ең беделді оқу орындарының бірі – INHA UNIVERSITY-ді таңдап, шетелдік жоғары оқу орнының «Халықаралық бизнес және қатынастар» мамандығында білім алмақ.
Бөлісу