Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет эндоваскулярлық отаны сәтті орындады

0
94


Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет эндоваскулярлық отаны сәтті орындады

Шымкент қаласындағы и№2 ауруханада рентгенхирург-дәрігер Нұржан Асылұлы Қарабаев бастаған мамандар тобы осындай қауіпті диагноз анықталған 52 жастағы науқасқа эндоваскулярлық ота жасады.

Аталған емдеу мекемесінде алғаш жүзеге асырылған операция нәтижесінде дәрігерлер науқастың аяғын жамбас бөлігіне дейін алып тастау қаупін алдын алды. Қан айналымы қалпына келтірілген науқастың қазіргі жағдайы жақсы.

Атеросклероз - артерияның ішкі қабырғасында атеросклеротикалық түзілістердің тамыр саңылауын жабуы салдарынан қан айналымының тоқтауына әкелетін аса қауіпті ауру. Мұндай жағдайда тіндердің өлуі және гангрена дамуы мүмкін.

Айта кетейік, жоғары технологиялық эндоваскулярлық операциялар бұрын тек республикалық деңгейдегі медициналық орталықтарда ғана жасалатын. Бүгінде мұндай оталар жергілікті ауруханаларда қолға алынып отыр. Осындай жетістіктер қаламызда заманауи эндоваскулярлық хирургияның дамып келе жатқанын және дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің артып отырғанын көрсетеді.
Бөлісу