​Шымкенттік әжелер Ташкентте өткен халықаралық фестивальде Гран-при иегері атанды

0
9


​Шымкенттік әжелер Ташкентте өткен халықаралық фестивальде Гран-при иегері атанды

Ташкент қаласында өткен «Азия өрнектері» халықаралық фестиваль-байқауы биыл ерекше сән-салтанатпен өтті. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған «7Art» комитеті Азия елдерінің үздік өнер ұжымдарын бір алаңға жинады.

Осы байқауда Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» 1-бөлімшесіне қарасты «Қазына» би тобы Қазақстан намысын абыроймен қорғап, өз өнерін жоғары деңгейде паш етті.
Нәтижесінде шымкенттік бишілер байқаудың I орнын және Гран-при жүлдесін жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.


Бөлісу