Шымкентте жұмыспен қамту жоспары 99,1 пайызға орындалды

0
55

Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 3 605 адам жұмыспен қамтылды.


Шымкентте жұмыспен қамту жоспары 99,1 пайызға орындалды

Шымкент қаласы бойынша 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 10 айда 31 111 адам қатысты. Жоспар 99,1 пайызға орындалды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында 21 952 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланса, нақты 22 687 азамат қатысты.
Атап айтқанда, 5 143 адам кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік оқытуға жолданды. Оның ішінде - 450 адам білім беру ұйымдарында, 160 адам жұмыс берушілердің жұмыс орындарында, 128 адам кәсіби біліктілікті тану (ваучерлік оқыту) бағытына, 4 405 адам Enbek.kz порталы арқылы онлайн оқытудан өтті.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 782 адамға қолдау көрсетілді. Оның ішінде 2 679 азамат «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 103 азаматқа алғашқы легінде 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Айта кету керек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік қайтарымсыз грант беру тоқтатылды.
Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 3 605 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде - 1 659 адам «Жастар практикасына», 102 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 538 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 306 адам «Күміс жас» жобасына тартылды.
Сонымен қатар 11 156 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қазіргі таңда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында Шымкент қаласы бойынша 4 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған. Тұрғындар аталған порталдың мобильді қосымшасын ұялы телефондарына жүктеу арқылы бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен танысып, өздеріне сәйкес келетін жұмыс орындарына өтінім бере алады.
Қалада жүзеге асырылып жатқан тұжырымдамалар, даму жоспарлары және жеке бастамалар аясында да жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында 8 424 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұжырымдамалар аясында 1 505 жұмыс орны құрылса, жеке бастамалар негізінде ашылған жұмыс орындарына 6 919 азамат орналастырылды.
Бөлісу