База аумағындағы екі футбол алаңына табиғи және жасанды көгал төселіп, судағы жаттығу айлағының жағалауы нығайтылады.
Шымкент қаласындағы Бадам су қоймасының жанынан заманауи спорт базасы бой көтеруде.
Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталып, ескек есу базасының аумағында екі заманауи футбол алаңы мен қонақ үй кешенінің жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Мұндағы ғимараттар толық жөнделіп, инженерлік инфрақұрылымы толық жаңарады. Сонымен қатар, база аумағындағы екі футбол алаңына табиғи және жасанды көгал төселіп, судағы жаттығу айлағының жағалауы нығайтылады.
Бұл іс-шаралар спортшылардың жоғары деңгейде жаттығуына жағдай жасап, су және командалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді.


