​Шымкентте ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді

0
123

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


​Шымкентте ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді

фото:видеодан скрин

ERNUR.KZ. Төреқұлов көшесінде орналасқан дәмхана аумағындағы жазғы асүйде өрт шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде жазғы асүй ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт кейін жапсарлас салынған екі қабатты ғимараттың сыртқы қаптамасы мен төбе жабындысына таралған.

Өрт сөндірушілер өртті жедел сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.