Марста “жатпланеталық зымыранның“ фрагменті табылды

0
181

Уфологтың айтуынша, ұзындығы шамамен 2,5 метр болатын бұл зат "жатпланеталық технологияның зақымдалмаған фрагменті" болуы мүмкін.


Марста “жатпланеталық зымыранның“ фрагменті табылды

фото: NASA

ERNUR.KZ. Curiosity марсоходы Қызыл планетадан зымыран сынықтарына ұқсайтын нысанды суретке түсіріп алды, деп жазады tengrinews.kz.

"НЛО зерттеушісі Скотт К. Уоринг марсоход түсірген фотосуретті бөлісті. Оның пікірінше, онда Марс бетінде жатқан жарылмаған "бөтенпланеталық зымыран" бейнеленген", - делінген жарияланымда.

Уфологтың айтуынша, ұзындығы шамамен 2,5 метр болатын бұл зат "жатпланеталық технологияның зақымдалмаған фрагменті" болуы мүмкін. Ол бұл олжа Марстағы өркениетті жойып жіберген ежелгі қақтығыстың белгісі деген теорияны алға тартты, ал ғарыш агенттіктері бұл нысанның әскери маңызы болуы мүмкін болғандықтан үнсіз отыр деп есептейді.

Сонымен қатар Уоринг бұл артефакт озық қару-жарақ технологиялары ретінде жер бетіндегі мемлекеттерді қызықтыруы мүмкін деген болжам жасады, бірақ өз уәждеріне ешқандай дәлел келтірмеді.

NASA бұл мәлімдемелерді растаған жоқ және бұл нысанның табиғи тас түзілімінен басқа нәрсе екеніне ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі суреттерден зымыранды көрсе, енді бірі апатқа ұшыраған жатпланеталық кемені байқаған. Олар сопақша нысан бірнеше секциядан тұратын сияқты, ал болжамды қанаттары құлау салдарынан сынып қалған деп есептейді.