​Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

0
159

Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметін пайдаланушылар саны артып келеді.


​Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

ERNUR.KZ. 2026 жылдың тоғыз айында осы қызмет арқылы 160 мың жүргізуші куәлігі ауыстырылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 19,5%-ға жоғары. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 134 мың жүргізуші куәлігі ауыстырылған.

Жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін құжатты ауыстыру қажет. Бұдан бөлек, жеке деректер өзгерген немесе жүргізуші куәлігі пайдалануға жарамсыз болған жағдайда да оны жаңарту керек.

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінімді цифрлық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болады. Жарамдылық мерзімі аяқталған куәлікті ауыстыру үшін 073-нысанындағы медициналық анықтама талап етіледі.

Дайын жүргізуші куәлігін өтінімде көрсетілген мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Ол үшін ескі нұсқадағы жүргізуші куәлігін және 5 406,25 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын түбіртекті ұсыну қажет.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-ға тікелей барып ауыстыруға да болады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.