Шығармашылық ұжымдар мен отбасылық шеберлердің жұмыстары таныстырылып, жас ұрпаққа киізбен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері көрсетілді.
Қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеу, ұлттық мұраны жаңғырту және кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында Шымкентте «ТЕКЕМЕТ FEST» этнофестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальде ұлттық киіз бұйымдарының көрмесі өтіп, текемет жасаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері көпшілікке таныстырылды. Шеберлер жүнді өңдеуден бастап дайын бұйымға дейінгі көне технологияларды көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізді.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген қолөнер шеберлері және Қырғызстанның мамандары қатысып, түркі халықтарына ортақ текемет өнерінің дәстүрлері мен тәжірибесін ортаға салды.
Фестиваль аясында шығармашылық ұжымдар мен отбасылық шеберлердің жұмыстары таныстырылып, жас ұрпаққа киізбен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері көрсетілді.
Ұлттық өнер мен мәдениетті ұлықтаған іс-шара этно-фольклорлық шығармалар, дәстүрлі ән, ұлттық би және сахналық қойылымдармен жалғасты.


