Шымкентте «SHYMKENT USTA FEST» халықаралық фестиваль өтеді

0
142


Шымкентте  «SHYMKENT USTA FEST» халықаралық фестиваль өтеді

Шымкент қаласында ағаш шеберлерінің халықаралық фестивалі өтеді.

Ұйымдастырлушылар қала тұрғындары мен қонақтарын 14–20 маусым аралығында өтетін «SHYMKENT USTA FEST» – тұтас ағаштан жасалатын бұйымдар бойынша шеберлердің халықаралық фестиваліне шақырады.
Алты күн бойы Шымкент қаласы ағаштан түйін түйген шеберлердің ордасына айналады.
Фестиваль аясында Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясынан келген ағаш қолөнерінің үздік шеберлері өз туындыларын ұсынады.
Фестиваль болатын күндері Шымқалада күн сайын жәрмеңкелер мен қолөнер көрмелері, мәдени іс-шаралар, концерттер өтеді.
Өтетін орны: Арбат алаңы, кіру тегін.


Бөлісу