​ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

0
98

Кештің ең әсерлі сәті — алаң аспанын нұрға бөлеген отшашу болды.


​ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты — ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарды ұлықтау, сондай-ақ халықты ел болашағына сеніммен қарауға үндейтін үндеу болды.

Кештің ең әсерлі сәті — алаң аспанын нұрға бөлеген отшашу болды. Мыңдаған тұрғын алаңда қол соғып, көздері қуаныш пен мақтанышқа толы күйде тәуелсіздік символындай жарқ еткен от жарығын тамашалады.
Республика күні — тарихымыздағы ең маңызды бетбұрыстың, Егемендік туралы Декларацияның қабылданған күнінің символы. Ал Шымкенттегі мерекелік шара осы тарихи күннің мәні мен рухын айшықтап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсті.