Шымкентте полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен кездесті

0
149

Полицейлер рулде отырып ұялы телефон қолданудың қауіптілігін және автобустардың техникалық жағдайын тұрақты түрде тексерудің маңыздылығын еске салды.


Шымкентте полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында қоғамдық көлік жүргізушілерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жол қозғалысы қағидаларын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізу мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Жолаушылар тасымалдаушылардың жылдамдық режимі мен аялдама ережелерін сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Полицейлер рулде отырып ұялы телефон қолданудың қауіптілігін және автобустардың техникалық жағдайын тұрақты түрде тексерудің маңыздылығын еске салды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ жүргізушілердің кәсіби жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Бөлісу