​ШЫМКЕНТТЕ «ОТАУ IQ» САЙЫСЫ ӨТТІ

0
76

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Бақыт мекені» жобасы аясында жас отбасылар арасында «ОТАУ IQ» интеллектуалдық сайысы өтті.

6 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
I орын – Уәлхановтар отбасы;
II орын – Пазылдар және Шәріпбайлар отбасылары;
III орын – Ділдәбековтар, Шаниязовтар және Мансуровтар отбасылары иеленді.
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бөлісу