Қытайлық тарап ұсынылған жағдайларды жоғары бағалап, ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласында Қытайдың «MegaSoft» компаниясы өкілдерімен инвестициялық кездесу өтті. Жиын барысында инвесторларға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімі ұсынылды.
Аталған аймақ қазір 100% толығымен кәсіпорындармен қамтылған. Осыған байланысты оны қосымша 100 гектарға кеңейту жоспарда бар.
Қытайлық тарап ұсынылған жағдайларды жоғары бағалап, ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.