Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

0
151

Бұл үлкен жоба Шымкент қаласындағы құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қоспақ.


Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

ERNUR.KZ. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Польшадағы «Selena Group» холдингінің өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Бұл үлкен жоба Шымкент қаласындағы құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қоспақ. Инвестиция көлемі 10 миллион АҚШ долларына дейін бағалануда. Ал кәсіпорынның жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 150 мың тонна өнім шығару.
Жоба қолға алған жағдайда 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, ішкі нарықтағы сапалы құрылыс материалдарының түрлері арта түспек.
«Жобаның сәтті іске асуы Қазақстан мен Польшаның экономикалық әріптестігін нығайтудың маңызды қадамына айналады деп сенемін. Сонымен қатар бұл бастама қаланың индустриялық әлеуетін одан әрі дамытуға да септігін тигізеді»-деді, қала басшысы кездесу барысында.