​ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТЕДІ

0
178

Форумның қорытынды бөлімінде киберқауіпсіздік тақырыбында интерактивті онлайн квиз өткізіледі.


​ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТЕДІ

Шымкентте ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған «Киберқауіпсіздік күні: цифрлық гигиена және деректерді қорғау технологиялары» атты қалалық форум семинары өтеді.

Іс шараны Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы ұйымдастырады.

17 қыркүйекте өтетін форумның негізгі мақсаты студенттер мен жастардың киберқауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыруға бағытталған. Іс шара барысында интернет алаяқтықтан қорғану жолдары, киберқауіптердің алдын алу, жеке деректерді қорғау және цифрлық гигиенаны сақтау мәселелері бойынша пайдалы ақпарат ұсынылады.
Форум бағдарламасы ақпараттық мазмұнмен ғана шектелмейді. Қатысушылар арасында түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылады. Негізгі жүлде ретінде iPhone 16 ұсынылса, екінші және үшінші орын иегерлеріне сымсыз құлаққаптар мен смарт сағаттар табысталады. Сонымен қатар қосымша сыйлықтар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылады.
Қатысушылар үшін фуршет пен нетворкинг алаңы да қарастырылған. Бұл жастарға жаңа таныстық орнатып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Форумның қорытынды бөлімінде киберқауіпсіздік тақырыбында интерактивті онлайн квиз өткізіледі. Оның нәтижесінде үздік қатысушылар анықталады.
Іс шара 2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10:00 ден 17:00 ге дейін «Көрме» орталығында өтеді.
Киберқауіпсіздік саласындағы пайдалы ақпарат, қызықты формат, жаңа таныстар мен бағалы сыйлықтар бір алаңда тоғысады.
Бөлісу