Шымкент қаласы білім басқармасы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектептер желісінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу және математикалық сауаттылық – табысты синергия» атты кәсіби байқаудың қалалық кезеңі өтті.
Байқауға: 50 математика пәні мұғалімі, 50 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1. Жұптық сайыс – пән мұғалімдері жұптасып, оқу және математикалық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды орындады.
2. Командалық сайыс – қалалық кезеңде 10 команда білім сайысына түсіп, пәндік интеграцияға негізделген жобаларын қорғап, шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Қатысушылар кәсіби шеберліктерін ортаға салып, пәндік байланысқа негізделген креативті тапсырмаларды шешу арқылы шығармашылық әлеуеттерін көрсетті.
Байқау мұғалімдердің тәжірибе алмасуына, кәсіби даму дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік берді.
Командалық кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
* Бас жүлде – Қаратау ауданы (1-команда)
* І орын – Тұран ауданы (1-команда)
* ІІ орын – Еңбекші ауданы, Абай ауданы (2-команда)
* ІІІ орын – Әл-Фараби ауданы, Қаратау ауданы (2-команда)
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова байқауға қатысушыларды құттықтап, жеңімпаз командаға жарқын жеңістің символы — кубокты табыстады.