​Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы бас бостандығынан айырылды

0
130


​Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы бас бостандығынан айырылды

Шымкент қаласынаса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, заңсыз өткізу мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша айыпталған Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтағанындай, сотталушы 2024 жылдың желтоқсан айында «Теlеgrаm» мессенджері арқылы белгісіз тұлғамен психотропты заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және оларды өткізу туралы алдын ала сөз байласқан.
Яғни, белгісіз тұлға психотропты заттарды жіберілген координат бойынша барып алып, ол заттарды басқа орындарға жасырып, жасырылған орынның координаты мен суретін кері жолдап отыру қажеттігін, әрбір жасырылған зат үшін 1800 теңге көлемінде ақша төленетінін айтқан.
Сотталушы 2024 жылдың желтоқсан айында тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша, Шымкент қаласы, «Нұртас» шағын ауданының аумағынан, көк түсті оқшаулағышпен (изолента) оралып жасырылған 30 дана орамаларды жалпы салмағы 15,97 граммды құрайтын а-пирролидиновалерофенон (а-PVP) психотропты затын алып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Қайтпас-1» шағын ауданы аумағында жасырған, әрі қарай полиция қызметкерлерімен құрықталған.

Сотталушы Е.-нің тінту хаттамаларымен, кінәсін мойындап берген жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және өзге де құжаттармен дәлелденеді.

Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы жасаған қылмыстық әрекетіне өкінетінін және төменгі жазаны тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерген, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот, Е.-ні ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу