ШЫМКЕНТТЕ ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ VNS ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА

0
73

Қазіргі таңда ауруханада 4 балаға VNS құрылғысы орнатылды, ал бесінші пациентке ота жасауға дайындық жүріп жатыр.


ШЫМКЕНТТЕ ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ VNS ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирург-дәрігерлері эпилепсия диагнозы қойылған балаларға VNS (вагус нервінің стимуляциясы) құрылғыларын орнатуда. Қазіргі таңда бірнеше күрделі ота сәтті шықты.

VNS терапиясы – дәрі-дәрмекпен ем нәтиже бермеген жағдайда қолданылатын заманауи әдіс. Арнайы импульс генераторы денеге жүйелі электр импульстарын жіберу арқылы эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын төмендетеді.
Қазіргі таңда ауруханада 4 балаға VNS құрылғысы орнатылды, ал бесінші пациентке ота жасауға дайындық жүріп жатыр. Аурухана қажет медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Отадан кейін балалар неврологтың тұрақты бақылауында болады.
Денсаулық сақтау басқармасы балаларға жоғары технологиялық көмек көрсетуді, олардың өмір сапасын жақсартуды және күрделі ауруларды ерте анықтау мен емдеуді одан әрі дамытуға басымдық беруде.
Бөлісу