Шымкентте белсенді ұзақ өмір орталығының дәрігері үздік маман атанды

0
194

Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман ретінде әріптестері мен зейнеткерлер арасында құрметке ие.


Шымкентте белсенді ұзақ өмір орталығының дәрігері үздік маман атанды

Астана қаласында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда Шымкент қалалық белсенді ұзақ өмір орталығының жоғары санатты дәрігер-терапевті Сәуле Нұржанова «Жылдың үздік маманы» номинациясының жеңімпазы атанып, арнайы марапатқа ие болды.

Сәуле Орынтайқызы – медицина саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар білікті дәрігер.
Еңбек жолын Шымкент қалалық №2 ауруханада учаскелік терапевт ретінде бастаған. 1994-2018 жылдары физиотерапия бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, сала дамуына елеулі үлес қосты. 2021 жылдан бері Белсенді ұзақ өмір орталығында терапевт дәрігер болып қызмет етіп келеді.
Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман ретінде әріптестері мен зейнеткерлер арасында құрметке ие. Әлеуметтік саладағы бес жылдық еңбек жолында әрбір қызмет алушының денсаулық жағдайын жіті бақылап, қажетті емдік-сауықтыру қызметтерін кәсіби тұрғыда үйлестіріп келеді.
Маманның қарттардың денсаулығын нығайту мен өмір сапасын арттыру бағытындағы еселі еңбегі мен кәсібіне деген адалдығы осылайша көпшілік тарапынан жоғары бағаланып отыр.
Бөлісу