Шымкентте балалар қауіпсіздігі мен өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді

0
115

Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау фактілері жиілейтіндіктен, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру - басты міндеттердің бірі7


Шымкентте балалар қауіпсіздігі мен өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы «Дендропарк» тұрғын үй кешенінде балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында кең көлемді түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны Абай ауданы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырып, оған тұрғындар, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй кешенінің белсенділері қатысты.

Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау фактілері жиілейтіндіктен, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, көпқабатты тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара барысында Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері Дүйсен Нұргелді балаларды қараусыз қалдыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
– Ата-аналар балаларын үйде қараусыз қалдырмауы керек. Терезе маңына орындық, үстел, диван секілді жиһаздарды жақын орналастыру қауіпті. Бала байқамай терезеге шығып кетуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау – әрбір ата-ананың міндеті. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі ықтимал, – деді маман.
Бөлісу