Көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмды.
фото: видеодан скринделген
ERNUR.KZ. Кеше 11 ақпанда Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмған болатын. Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі хабарлама таратты.
"Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Айта кетейік, 11 ақпанда Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қайғылы оқиға орын алды. Көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласында шамамен сағат 16:30-17:00 аралығында болған. Қалың қардың салдарынан ағаштың бір бөлігі сынып, сол сәтте аулада жүрген балаға құлаған.
Баланың денесін алғаш болып аумақты тазалап жүрген жұмысшылар байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны анықталған.


