Шымкентте 93 шетел азаматы сот шешімімен елден аластатылды

0
73

​Шымкентте «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді


Шымкентте 93 шетел азаматы сот шешімімен елден аластатылды

Биылғы жылдың қараша айының 10-ы мен 15-і аралығында Шымкентте «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзудың 692 дерегі анықталды. Атап айтқанда, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және болу қағидаларын бұзу, шетел азаматтарының ел аумағында заңсыз тұруына жағдай жасау, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану және қоғамдық орындарда қайыр сұрау деректері тіркелді.
Оның ішінде 93 шетел азаматына қатысты сот шешімімен елден аластату шарасы қолданылды.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында шетел азаматтарын қабылдайтын азаматтарды үш жұмыс күні ішінде «Е-қонақ» мобильдік қосымшасы арқылы хабарлама беруге және көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады.

Бөлісу