​ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

0
59

Шеру барысында жастар Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтар мен елдік бірлікті насихаттады.


​ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Республика күніне орай патриоттық рухтағы салтанатты шеру өтті.

Іс-шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің 500-ге жуық жасы қатысты. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді ұстап, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптеді.

Шеру барысында жастар Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтар мен елдік бірлікті насихаттады.
1990 жылы 25 қазанда мемлекеттіміздің Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл күн халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн.