​ШЫМКЕНТ: Жүзуден ел чемпионаты басталды

0
172

Аталған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 командадан 300-ге жуық спортшы қатысуда.


​ШЫМКЕНТ: Жүзуден ел чемпионаты басталды

ERNUR.KZ. Бүгін «Денсаулық» спорт кешенінде жүзуден 1-ші жасөспірімдер және кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз бастауын алды.

Аталған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 командадан 300-ге жуық спортшы қатысуда. Шымкент қаласынан екі команда құрамында 40 жасөспірім спортшы жарыс жолына шықты.
Чемпионат жас спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын дарынды спортшыларды анықтауға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.