ШЫМКЕНТ: жұмыссыз 420 тұрғын жаңа кәсіп меңгеріп жатыр

0
85

Олар алдымен теориялық білім алып, кейін практикалық сабақтарға қатысады.


ШЫМКЕНТ: жұмыссыз 420 тұрғын жаңа кәсіп меңгеріп жатыр

Шымкент қаласында биыл жұмыссыз 610 тұрғынды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Оның ішінде 450 адам – білім беру ұйымдарында, ал 160 адам жұмыс орындарында оқытылады.

Бүгінгі таңда кәсіптік оқуға 420 адам жолданып, жаңа мамандықтарды меңгеріп жатыр.
Мысалы, қазіргі таңда «Сәнді-Өмір» оқу орталығында 20 жұмыссыз тұрғын білім алуда. Олардың бесеуі – визажист, оны – шаштараз-стилист, ал 5 адам тігінші мамандығын игеріп жатыр.
Олар алдымен теориялық білім алып, кейін практикалық сабақтарға қатысады. Ал жұмыс берушілердің базасында оқу толықтай тәжірибе негізінде ұйымдастырылады. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан ай сайын шәкіртақы төленеді.
Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында оқитындарға 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған. Ал жұмыс орындарында оқып жүрген азаматтарға 20 АЕК көлемінде (86 500 теңге) жалақы төленеді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында касіптік оқуға қатысушыларға 075 анықтамасын рәсімдеуге жұмсалған қаржыны өтеу үшін 8 650 теңге бір реттік көмек беріледі.
Қазіргі уақытта жұмыссыз тұрғындарды кәсіптік біліммен қамту үшін жұмыс берушілер тарапынан өтініштер қабылдау жалғасуда.
Жоспарды толық орындау мақсатында жиналған өтініштер өңірлік комиссияның қарауына ұсынылады. Комиссияның оң шешімі шыққан жағдайда оқуға ниетті азаматтар кәсіптік оқуға жолданады.
Бөлісу