ШЫМКЕНТ: жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау бойынша алқа отырысы өтті

0
107

Қала әкімі жер қатынастарын ретке келтіру және заңсыз құрылыс фактілерінің алдын алу негізгі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.


ШЫМКЕНТ: жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау бойынша алқа отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімдігінде жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.

Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала прокуроры Елдос Сағиев, қалалық прокуратура өкілдері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, аумақтық департаменттер, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстың нәтижелері, жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану мәселелері, сондай-ақ, жер қатынастары процестерінің ашықтығын арттыру және мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру шаралары қаралды.
Қала әкімі жер қатынастарын ретке келтіру және заңсыз құрылыс фактілерінің алдын алу негізгі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жүйелі жолға қойылып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша жедел әрекет етіліп, жауапкершіліктің бұлтартпау қағидаты қамтамасыз етіліп отырғанын айтты.
«Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында заңсыз құрылыс фактілері анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда. Бұл жұмыс тұрақты әрі жүйелі негізде жүргізілуде. Сонымен қатар ведомствоаралық үйлестіру мен прокуратурамен бірлескен іс-қимылға ерекше мән беріліп отыр», – деді Ғ.Сыздықбеков.
Алқа отырысы аясында қатысушыларға қала әкімдігі мен прокуратураның бірлескен жобасы таныстырылды. Жоба жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жер телімдерін өз бетінше иемдену фактілерін анықтауға бағытталған.
Қала әкімі цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл жер ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай тәсілдер превентивтік бақылауды күшейтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал ететіні айтылды.
Жиын қорытындысында қала әкімі ведомствоаралық іс-қимылды күшейтуді және осы саладағы заң талаптарының сақталуына лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар бақылау тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нақты тапсырмалар мен практикалық шаралар кешені айқындалды.
Бөлісу