​ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ СУРДЛИМПИАДАДА ҚОС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

0
81


​ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ СУРДЛИМПИАДАДА ҚОС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Шымкент қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

65 келі салмақ дәрежесінде күрескен Шадияр Пернеш барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып жазғы Сурдлимпиадалық ойындарының чемпионы атанды.
Сонымен қатар, 86 келі салмақта сынға түскен Рсалы Сабыржан да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда грек спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиаданың қола жүлдесіне ие болды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында еркін күрес бойынша 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль болса, 1 алтын мен 1 қола – шымкенттік палуандардың еншісінде. Бұл жетістіктер – Шымкент қаласының спорт мектептері мен бапкерлер құрамының жүйелі жұмысының, спортшылардың табандылығы мен шеберлігінің дәлелі.
Айта кетейік, биылғы сайыс 15-26 қараша аралығында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 80 елден келген 3000-ға жуық спортшы 21 спорт түрінен бақ сынауда.
Бөлісу