ШЫМКЕНТ: өрт қауіпсіздігі – басты назарда

0
79

Қала аумағындағы орман қорын қорғау үшін өрт сөндіру станциясы, бақылау мұнарасы мен бекеттері жұмыс істейді.


ШЫМКЕНТ: өрт қауіпсіздігі – басты назарда

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 2026 жылғы өрт қауіпті маусымының өту барысы туралы баяндады.

Мамандардың айтуынша, өрт қауіпті кезең басталғалы қала аумағында құрғақ өсімдіктер мен қоқыстың жануына қатысты 53 дерек тіркелген. Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, орманды-дала алқаптарында және тұрғындардың демалыс орындарында 86 рейд жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 19 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Брифинг барысында биыл Шымкент қаласы аумағында орман өрті тіркелмегені атап өтілді. Табиғи өрттердің алдын алу және оларға жедел әрекет ету шаралары қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметтерінің тұрақты бақылауында.
Мәліметке сәйкес, қала аумағындағы орман қорын қорғау үшін өрт сөндіру станциясы, бақылау мұнарасы мен бекеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ өртке қарсы техникалар мен арнайы жабдықтар толық дайындыққа келтірілген. Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында 586 шақырым минералды жолақтар жыртылып, мамандарға арнайы оқыту жүргізілген.
Бұдан бөлек, мамыр айында республикалық «Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл пысықталды.

Мамандар өрт ошақтарын ерте анықтау, қараусыз аумақтар мен рұқсатсыз қоқыс орындарын азайту мәселелері әлі де өзекті екенін атап өтті. Қазіргі таңда табиғи өрттердің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу