​ШЫМКЕНТ: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
53

Жоба аясында қалада оқырмандық орта қалыптасып, кітап оқу тек білім көзі ғана емес, мәдени әрі рухани қажеттілікке айнала бастады. Әсіресе оқушылар мен отбасылар арасында әдебиетке деген ықылас ерекше байқалады. Кітап – олардың дүниетанымын кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын тереңдетуге ықпал етуде.


​ШЫМКЕНТ: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы шаһарда жүйелі жалғасуда.

Бүгінде бұл игі іске Шымкент қаласы бойынша 66 000 адам тартылып, олардың қатарында 26 099 оқушы, 18 233 студент, 6 114 педагог, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер бар. Бұл көрсеткіш – қоғамда кітапқа деген қызығушылықтың нақты артып келе жатқанының айғағы.

Жоба аясында қалада оқырмандық орта қалыптасып, кітап оқу тек білім көзі ғана емес, мәдени әрі рухани қажеттілікке айнала бастады. Әсіресе оқушылар мен отбасылар арасында әдебиетке деген ықылас ерекше байқалады. Кітап – олардың дүниетанымын кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын тереңдетуге ықпал етуде.
Мысалы, М.Мәметова атындағы №35 мектептің 9-сынып оқушысы Шаттық Дидар кітаптың өмірмен тығыз байланысты екенін атап өтіп, оқыған шығармалары арқылы адамгершілік, адалдық, жауапкершілік сынды құндылықтарды терең түсіне бастағанын айтады. Ол қазіргі таңда М. Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасын оқуда. Бұған дейін Ш. Мұртазаның «Қара маржан», Д. Исабековтің «Дермене» повестерінен үлкен тағылым алған.
Ал «Dostyq High School» мектебінің 10-сынып оқушысы Балкерім Шаяхмет «Қаныш және ғылыми майдан» кітабы арқылы ғылымға деген қызығушылығы артып, табандылық пен елге қызмет етудің маңызын ұғынғанын жеткізді.
Студент жастар да бұл бастаманы оң қабылдауда. Ж. Тәшенов университетінің 2-курс студенті Салтанат Азаматқызы жоба аясында ұсынылған кітаптар оның жеке дамуына, мақсат қоя білуіне және уақытты тиімді пайдалануына оң әсер еткенін айтып, классикалық әдебиет арқылы ұлт руханияты мен өмірлік құндылықтарды терең түсіне түскенін жеткізді.
Айта кету керек, Шымкент қаласы осы бағытта нақты қадам жасап, оқу мәдениетін жаңғыртуда үлгі боларлық тәжірибе қалыптастырып келеді. Ал «Кітап оқитын ұлт» жобасы — білімді, саналы, ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды баспалдақ екенін сезінуде.
Бөлісу