​ШЫМКЕНТ: ҚАРАША АЙЫНДА БІРҚАТАР МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТЕДІ

0
20

Бұл шаралар – Шымкент мәдениетінің бай мұрасын дәріптеп, өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтуды көздейді


​ШЫМКЕНТ: ҚАРАША АЙЫНДА БІРҚАТАР МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Қараша айында Шымкент қаласында және өңірлерде бірқатар айтулы мәдени іс-шаралар өтеді.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

21-22 қараша күндері мегаполисте «Miras» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлері форумы ұйымдастырылады. Форум аясында түркі халықтарының киім мәдениеті мен ұлттық өрнектер семиотикасына арналған ғылыми конференция, қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары мен жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ, отандық және шетелдік этнодизайнерлердің сән дефилесі мен «TURAN» ансамблінің концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылады. Іс-шаралар «Қызғалдақ» сарайы мен Көрме орталығында өтеді.
27-30 қараша күндері Абай облысында Шымкент қаласының мәдениет күндері өткізіледі. Шымкенттен барған шығармашылық делегация құрамында зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар бар. Бағдарлама аясында жазушы Құлбек Ергөбек пен абайтанушы Ақжол Қалшабекпен кездесулер, «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы, «Көне қала – Шымкент» көрмесінің ашылуы және әзіл-сықақ театрының «Не істеу керек?» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.
Бұл шаралар – Шымкент мәдениетінің бай мұрасын дәріптеп, өңірлер арасындағы рухани байланысты нығайтуды көздейді.
Бөлісу