ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛАДАҒЫ АУА САПАСЫ – ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

0
47

Шымкенттің атмосфералық ауа сапасына «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау экологиялық бекеті арқылы бақылау жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛАДАҒЫ АУА САПАСЫ – ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

фото: baq.kz

Шымкент қаласындағы ауа сапасына экология департаментінің мамандары тұрақты бақылау жасап тұрады. Жуырда тұрғындардың жағымсыз иіске шағымы негізінде департаменттің сынақ зертханасының мамандары «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС, Индустриалды аймақтардың санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде, «Фиркан сити» аумақтарында ауа сапасына мониторинг жүргізді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде санитарлық-қорғау аймағында ауа ластағыш заттардың шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетуі дерегі анықталмады.
Мамандар қала аумағында кешкі уақытта ауада түтіннің байқалуының негізгі себебі ауа температурасының төмендеуі, автокөліктердің көптеп шоғырлануы, жеке секторларда құрғақ шөпті, күзгі жапырақтарды жағу жағдайларының көбеюі дейді.
Жалпы, Шымкенттің атмосфералық ауа сапасына «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау экологиялық бекеті арқылы бақылау жүргізіледі.
«Қазгидромет» мекемесінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда қалада жоғарғы ластану және экстремалды жоғарғы ластану фактісі тіркелген жоқ.


Бөлісу