ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
82


ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің ашық форматтағы халықпен кездесуі Әл-Фараби ауданында жалғасты.

Бүгін 17-ші шағынаудан, Сасбұқаев, Бекет батыр, Рашидов, Жангелдин көшесі және Әл-Фараби даңғылы тұрғындарының мәселесі тыңдалды.

Жиын барысында қала тұрғындары бірқатар өзекті проблемаларды көтерілді. Атап айтқанда, көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, қоғамдық тәртіпті сақтау және көше мен аула инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды.
Аудан тұрғындары көше мен аула ішіне жарық орнату, кіреберіс жолды реттеу, балалар мен спорт алаңшаларын жаңарту қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар Қошқар-ата өзені үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірін жаңарту, тротуар салу, автотұрақты кеңейту және бейнебақылау жүйесін орнату туралы ұсыныстар айтылды.
Бұдан бөлек жиында жер қатынастары, шағын және орта бизнесті қолдау, аулалар мен үй маңындағы аумақты абаттандыру мәселелері де қаралды. Қала басшысы аудан әкімі мен тиісті басқармаларға көтерілген проблемаларды егжей-тегжейлі зерделеуді және қысқа мерзімде шешудің тиімді жолын ұсынуды тапсырды.
Бөлісу