Бүгінде еліміздің барлық өңірінде 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттарды бекіту үшін комиссия отырыстары өткізіліп жатыр. Бұл процесті ашық әрі әділ жүргізу мақсатында отырыстарды тікелей эфир арқылы көруге мүмкіндік жасалған.
Мысалы, Шымкент қаласындағы комиссия отырысы қазір Facebook желісіндегі «Еңбек мобильділігі орталығы» парақшасында тікелей эфирде көрсетілуде.
Еске сала кетсек, комиссия отырыстары 9–19 маусым аралығында, жұмыс күндері өтеді.
Егер комиссия жұмысы барысында жемқорлық белгілеріне куә болсаңыз, 1424 нөміріне хабарласып, мәлімдеңіз.