ШЫМКЕНТ: ​Газдың шығу қаупін анықтайтын заманауи мобильді зертхана таныстырылды

0
113

Зертхана жүйелері 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды.


ШЫМКЕНТ: ​Газдың шығу қаупін анықтайтын заманауи мобильді зертхана таныстырылды

ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған лазерлік технологиялармен жабдықталған зертхананың жұмысымен танысты. Елдімекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қаралып отыр.

Зертхана жүйелері 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды.
Жер асты газ шығу қаупін контактсыз диагностикалайды. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын озық жүйені республикада алғашқылардың қатарында Шымкент әкімдігі жүзеге асырып отыр. Бұл мегаполистің инженерлік жүйелерін дамытып, қауіпсіздік шараларын қамтуда маңызды қадам болып табылады.