ШЫМКЕНТ: Ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті

0
133

Шара Шымкент қаласындағы «АВАТАРИЯ» ойын-сауық орталығында өткізілді.


ШЫМКЕНТ: Ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан жұмыс істейтін «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара Шымкент қаласындағы «АВАТАРИЯ» ойын-сауық орталығында өткізілді, онда балалар ерекше қуаныш пен әсер алды.
Сонымен бірге, олар түрлі ойын құрылғыларында – айналмалы торлар, лабиринттер және батуттарда шексіз еркіндікпен ойнап, бейбіт әрі шат-шадыман сәттердің куәсі болды. Осының арқасында, бүлдіршіндер ғана емес, олардың ата-аналары мен тәрбиешілері де ерекше әсер алды.
Бұл іс-шара – балалар үшін ғана емес, барша қоғам үшін маңызды. Бала құқығын қорғау мен оларға қамқор болуды ұмытпай, барлық мұндай шаралар олардың жан дүниесін байытып, рухын көтереді.