ШЫМКЕНТ: денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті

0
86

Жоғары технологиялық медициналық көмек аясында 4 айда 106 ота жасалған.


ШЫМКЕНТ: денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 4 айдағы қызметінің қорытындысына арналған алқа отырысы өтті.

Жиын қала әкімінің орынбасары А.Сәбитовтың төрағалығымен ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков 2026 жылдың 4 айындағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, жергілікті бюджет есебінен екі медициналық ұйымға заманауи КТ және МРТ аппараттары сатып алынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 25 санитарлық жедел жәрдем автокөлігі жеткізіліп, қалалық №1 клиникалық ауруханада 250-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, ұлттық аккредиттеуден өтуі тиіс 90 медициналық ұйымның 60-ы аккредиттеліп, көрсеткіш 67 пайызды құрады. Жоғары технологиялық медициналық көмек аясында 4 айда 106 ота жасалды.
Жиын барысында медициналық және фармацевтикалық бақылау, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал, иммунопрофилактика, МӘМС жүйесінің жұмысы және тұрғындардан түскен арыз-шағымдарды қарау нәтижелері талқыланды.
Отырыс қорытындысында мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың басшыларына қызмет сапасын арттыру, халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бөлісу