​ШЫМКЕНТ: Балалар офтальмологиясы бойынша халықаралық конференция өтті

0
175

Оны Қазақстан офтальмологтар қоғамы мен Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.


​ШЫМКЕНТ: Балалар офтальмологиясы бойынша халықаралық конференция өтті

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Грузия офтальмологтарының қатысуымен балалар офтальмологиясы бойынша халықаралық конференция өтті.

Оны Қазақстан офтальмологтар қоғамы мен Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.
Конференцияда Қазақстан офтальмологтар қоғамының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұрсынгүл Ботабекова қазіргі балалардың алдында тұрған негізгі қауіптерге тоқталды. Академиктің айтуынша, гаджеттерді шамадан тыс пайдалану мен физикалық белсенділіктің төмендеуі — көру қабілетінің нашарлауына әкелетін басты себептер және бұл жағдай шұғыл алдын алу шараларын талап етеді.
Конференцияға қатысушылар балалардың арасында кең тараған офтальмологиялық ауруларды, соның ішінде миопия, қылилық, глаукома, туа біткен катаракта және ретинобластома сияқты патологияларды ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар офтальмохирургиядағы жаңа технологиялар таныстырылды. Ресейлік офтальмолог Юлия Сидорова лазерлік операцияны тікелей эфирде көрсетті.
Қазақ көз аурулары ҒЗИ офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алуа Әубакірова Қазақстанда ретинобластоманың кеш диагностикалануы өзекті проблема екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл аурудың 75%-дан астамы кеш сатыларында анықталады, сол себепті көзді сақтау мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.