ШЫМКЕНТ: аппарат мәжілісінде қауіпсіздік пен инфрақұрылым мәселелері қаралды

0
95


ШЫМКЕНТ: аппарат мәжілісінде қауіпсіздік пен инфрақұрылым мәселелері қаралды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.

Жиын барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Алғаш болып Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев баяндама жасады. Ол өрттің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы мәлімдеді. Биыл материалдық-техникалық базаны күшейту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 38 бірлік арнайы техника сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, Шымкент агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 5 жаңа өрт сөндіру бөлімшесін салу көзделіп отыр. Бұл бағыттағы профилактикалық іс-шаралар қала басшылығының тұрақты бақылауында.
Келесі кезекте Мемлекеттік еңбек инспекциясының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жанболат Мақұлбаев еңбек қатынастарын реттеу және еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Сонымен бірге, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары, құрылыс алаңдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қауіпсіздік талаптарын автоматтандыру мәселелері сөз болды.
Жиында «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Амангелді Булешов алдағы 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, биыл жергілікті бюджет есебінен 33,2 шақырым жылу жүйесі жаңартылатын болады. Бұл шаралар жылу желілерінің тозу деңгейін 37%-дан 33,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қала әкімі барлық жауапты сала басшыларына және аудан әкімдеріне дайындық жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауды тапсырды.
Бөлісу