Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бойынша өткізіліп жатқан бірыңғай онкүндік аясында Департаментпен Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевпен бірлесе Шымкент қаласының Абай, Аль-фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран ауданы әкімінің аппаратының қызметшілеріне арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сөйлеу мәдениеті және халықпен қарым-қатынасы мәселелері бойынша түсіндірме жиналыс өткізілді.
Осы орайда, Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару барысында, сонымен қатар қызметтен тыс уақытта да жоғары әдептілік стандарттарын сақтауына ерекше мән берілген. Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші өзінің мінез-құлқымен, сөзімен, әрекетімен қоғамның сеніміне ие болуы тиіс.
Қоғам алдында сөйлегенде, әрбір сөзі мен пікірі кәсіби, бейтарап, сыпайы және заң талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл талаптар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда өз ойын білдірген жағдайларға да қатысты.
Іс-шара барысында Әдеп кодексінің практикалық мәні, мемлекеттік қызметшінің сөйлеу әдебі, көпшілікпен қарым-қатынастағы жауапкершілік, сондай-ақ халықпен сындарлы диалог орнатудың маңыздылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез-келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау мәселесі талқыланып, қатысушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.


