Басты міндет – әлеуметтік қолдауды қажет ететін әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне жағдай жасау.
Шымкент қаласында аз қамтылған отбасыларды қолдау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 2026 жылы 1 947 отбасының 10 070 мүшесіне тағайындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар санының 61%-ға азайғанын көрсетеді. Нәтижеге қалада жүзеге асырылып жатқан жұмыспен қамту шаралары мен әлеуметтік қолдау тетіктерінің ықпалы зор.
Сонымен қатар, АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр бала үшін ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем қарастырылған. Бүгінде бұл қолдау 1 712 отбасындағы 3 433 балаға тағайындалды.
Отбасылардың табысын арттыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде. Қазіргі таңда АӘК алушы отбасылар құрамындағы еңбекке қабілетті 2 278 азаматтың 847-сі жұмыспен қамтылған. Ал 251 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Атап айтқанда:
- 231 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды;
- 2 азамат кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға бағытталды;
- 11 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды;
- 1 азамат әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды;
- 6 азамат қайта даярлау курстарына жіберілді.
Айта кетейік, 2026 жылдың IV тоқсанында Шымкент қаласы бойынша кедейлік шегі 49 473 теңгені құрады.
Атаулы әлеуметтік көмектің басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға қаржылай қолдау көрсетумен қатар, олардың экономикалық белсенділігін арттыру, еңбекке қабілетті азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасау.
Басты міндет – әлеуметтік қолдауды қажет ететін әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне жағдай жасау.


